Тауарды қаптау

Мазмұны
Сіз тауарды белгіленген мерзім ішінде қайтара аласыз.

Егер тиісті сападағы тауарда пайдалану белгілері жоқ, алған кездегі жиынтығында және бүтін пломбалары мен затбелгілері болса, оны кері қайтара аласыз. Зауыттық пломбалары бар, қорғаныш плёнкасы немесе стикері бар тауарлардың қаптамасы ашылмау керек. Тауарды алған кездегі зауыттық қаптамаға қаптаңыз.

Тиісті емес сападағы тауарды қаптамасыз немесе қораптағы жүкті қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін кез келген қаптамада қайтаруға болады.
Тауардың жағдайы туралы толығырақ

Сұйықтық

Қаптаманың бітеулігін қамтамасыз етіңіз.

Сынғыш тауарлар

  1. Тауарды сізге жеткізілген кездегі плёнкамен ораңыз.
  2. Қораптың түбін және ішіндегі бос кеңістікті жұмсартатын материалмен толтырыңыз. Мысалы, қағазбен.
  3. Тауарды қорапқа салыңыз.

Ықтимал қауіпті тауарлар

Тез тұтанғыш заттармен толтырылатын тауарлар ықтимал қауіпті және тек қана бос жанармай багымен немесе баллонымен қабылданады. Қайтарымды қаптап, жіберер алдында оны босатыңыз. Басқалай мұндай тауарларды қаптау басқа тауарлардан ерекшеленбейді.

Мұндай тауарлардың мысалы:

  • газ баллондар;
  • іштен жанатын қозғалтқыштар;
  • іштен жанатын қозғалтқышы бар немесе тез жанғыш заттар негізінде жұмыс жасайтын құралдар мен жабдықтар.

Мазмұны

Навигацияны жасыру

Навигацияны көрсету