Серіктес – сатушының тауарды жеткізу үшін таңдаған бөгде жеткізу қызметі, мысалы, Ресей поштасы немесе Деловые Линии қызметі
Тауарды қайтару үшін қайтарымды рәсімдеңіз.
Қайтарымға өтінім жіберу туралы толығырақ
Сатушы сіздің өтініміңізді қарап, шешім қабылдайды. Ол:
- Тауарды алмай-ақ қайтарымды мақұлдап, ақшаны қайтара алады.
- Тауарды алғаннан кейін қайтарымды мақұлдай алады.
Сатушы қоймадағы тауарды тексергеннен кейін ақшаны қайтара алады немесе егер тауар қайтаруға келмесе, қайтарымнан бас тарта алады.
Қайтарымды жіберу туралы толығырақ - Өтемақы ұсыну.
Өтемақы туралы толығырақ - Қайтарымды қабылдамау. Егер сіз сатушы шешімімен келіспесеңіз, дау аша аласыз.
Дауды қалай ашуға болады
Дау ашуға болатын мерзім қабылданбаған өтінімде көрсетілген. Ozon дауды 3 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Қайтарымды жіберу
Қаптама мен тауардың жеткізілуін өзіңіз төлейсіз. Егер сіз:
- Ақауы бар немесе дұрыс емес тауарды қайтарсаңыз, қайтарым шығындарын сатушы өтейді.
Қаптама мен жеткізу құны бар чекті сақтап қойыңыз. Қайтарымға өтінішке чектің фотосын немесе скан нұсқасын бекітіңіз.
Ақауы бар тауарлар туралы толығырақ - Ақауы жоқ тауарды қайтарсаңыз, сатушы шығындарды өтемейді.
Ақауы жоқ тауарлар туралы толығырақ
Егер сатушы өтінімді мақұлдаса, қайтарымға өтінімде көрсетілген нұсқаманы орындаңыз.
Қайтарымды тасымалдаған кезде зақымданбайтындай етіп қаптаңыз.
Егер зауыттық қаптама сақталмаса, көлеміне сай келетін баламасын пайдаланыңыз.
Қапталмаған қайтарымды жеткізу қызметі қабылдамауы мүмкін.
Тауар мен қаптамаға қойылатын талаптар туралы толығырақ
Қайтарымда өтініште көрсетілген мерзім ішінде жіберіңіз, әйтпесе ол жойылады.
Егер тауарды қайтару мерзімі өтпесе, сіз өтінімді қайтадан рәсімдей аласыз.
Тауарды қайтару мерзімі туралы толығырақ
Егер өтінімде көлік компаниясының атауы көрсетілсе, қайтарымды алу пунктіне беріңіз немесе сол компанияның курьерін шақырыңыз. Егер сатушы жеткізу қызметін көрсетпесе, тауарды кез келген көлік компаниясымен жіберіңіз немесе көрсетілген мекенжайға өзің жеткізіңіз. Қызмет құнын төлеп, чекті қайтарым өтініміне бекітіңіз.
Егер сатушы қайтарымды өзі алып кететінін көрсетсе, өтінім мақұлданғаннан кейін жүргізушінің келетін күнін білу үшін қоңырау немесе Ozon чатынан хабарлама күтіңіз.
Егер қайтарымды жеткізу кешігіп жатса, дау ашыңыз.
Дауды қалай ашуға болады
Сатушы қайтарымды алғаннан кейін ода қоймада тауарды тексеру үшін 7 күнтізбелік күн уақыты болады. Егер сатушы немесе Ozon қайтарымға өтінімді қабылдамаса, сіз тауарды кері аласыз. Сатушы жеткізу мекенжайын нақтылау үшін сізбен байланысады. Егер сатушы ұзақ уақыт байланысқа шықпаса, бізге чатқа жазыңыз.
Сатушыдан тауарды кері жеткізу құнын сіз төлейсіз.
Егер сатушы қайтарымды қабылдамай, сіз онымен келіспесеңіз. Дау ашыңыз.
Даулар
Сіз 3 немесе 5 күнтізбелік күн ішінде дау аша аласыз. Дау ашудың нақты уақыты қабылданбаған өтінімде көрсетілген. Ozon мамандары өтінімді қарап, 3 күнтізбелік күн ішінде соңғы шешімді шығарады.
Сіз дау аша аласыз, егер:
- Сатушы тауар қайтаруға өтінімді қабылдамаса.
- Сатушы тауарды алып, қоймада тексергеннен кейін тауардың қайтаруға жатпайтыны туралы шешім шығарса.
- Қайтарым 14 күннен көп уақыт жолда болса.
Егер қайтарым 31 күннен көп уақыт жолда болса, дау автоматты түрде ашылады.
Дау ашу
- Жеке кабинетте Возвраты («Қайтарымдар») бөліміне өтіп, өтінім ашыңыз.
- Открыть спор («Дау ашу») батырмасын басыңыз. Сатушы қайтарымыңызды қабылдамағанда немесе қайтарым 14 күннен көп уақыт жолда болса, батырма пайда болады.
Дау түрлері
| Оқиға | Даудың бастамашысы | Себебі | Ozon қызметкерінің әрекеті | Мүмкін шешімдер |
|---|---|---|---|---|
| Сатушы қайтарымға өтінімді қабылдамады | Сатып алушы | Сіз сатушының шешімімен келіспейсіз. | 1. Сіз бен сатушы арасындағы суреттер мен хат алмасуларды зерттеп жатыр. Осы орайда ол сізден және сатушыдан қосымша ақпарат сұратуы мүмкін. 2. Шешім қабылдап, дәлелдеп жатыр. |
• «Қайтарымды жіберіңіз» — сіз сатушыға тауарды, ал Ozon сізге ақшаны қайтарады. • «Ozon қайтарымды қабылдамады» — тауар сізде, ал ақша сатушыда қалады. |
| Сатушы тауарды алды, бірақ қоймада тексергеннен кейін тауар қайтаруға келмейтіні туралы шешім шығарды | Сатып алушы | Сіз сатушының шешімімен келіспейсіз. | 1. Сіз бен сатушы арасындағы суреттер мен хат алмасуларды зерттеп жатыр. Осы орайда ол сізден және сатушыдан қосымша ақпарат сұратуы мүмкін. 2. Шешім қабылдап, дәлелдеп жатыр. |
• «Ақша жіберілді» — сатушы сізге ақшаны қайтарады. • «Ozon қайтарымды қабылдамады» — ақша сатушыда қалады, ол сізге тауарды кері жібереді. |
| Қайтарым 14 күннен көп уақыт жолда | Сатып алушы | Тауар жоғалды, сіз оны жіберген жоқсыз немесе сатушы тауарды алды, бірақ алғанын растамады. | 1. Жеткізу қызметімен байланысып, тексеру жүргізіп жатыр. 2. Шешім қабылдап, дәлелдеп жатыр. |
• «Сатушының тексерісінде» — тауар сатушыда. • «Қайтарым орындалмады» — сіз тауарды жібермедіңіз. • «Қайтарым жолда» — тауар табылды, бірақ ол әлі жолда. |
| Кайтарым 31 күннен көп уақыт жолда | Дау автоматты түрде ашылады. | Тауар жоғалды, сіз оны жіберген жоқсыз немесе сатушы тауарды алды, бірақ алғанын растамады. | 1. Жеткізу қызметімен байланысып, тексеру жүргізіп жатыр. 2. Шешім қабылдап, дәлелдеп жатыр. |
• «Сатушының тексерісінде» — тауар сатушыда. • «Қайтарым орындалмады» — сіз тауарды жібермедіңіз. • «Қайтарым жолда» — тауар табылды, бірақ ол әлі жолда. |
Сіз қайтарымның мәртебесін жеке кабинеттегі Возвраты («Қайтарымдар») бөлімінде бақылай аласыз.