Тапсырысты жою

Мазмұны

Тапсырысты болдырмау мүмкіндігі жеткізу тәсілі мен тапсырыс мәртебесіне байланысты. Болдырмауға болатынын тексеру үшін Тапсырыстар бөліміне кіріңіз:

  1. Тапсырыс бетінде Отменить заказ («Тапсырысты жою») батырмасын басыңыз.

  2. Алғыңыз келмейтін тауарларды таңдаңыз немесе тапсырысты толықтай жойыңыз.

  3. Тапсырысты жою себебін көрсетіңіз.

Егер бұл қолжетімді болса, біз сізге болдырмаудың орнына мынаны ұсынамыз:

Шетелден жасалған тапсырысты болдырмау туралы Ozon шетелден бөлімінен оқыңыз.

Тауарды алғаннан кейін тапсырысты болдырмау мүмкін емес. Сіз қайтарымды рәсімдей аласыз.

Тауарды қайтару туралы толық ақпарат

Егер тапсырысты болдырмауда қиындықтар туындаса, қолдау чатына жазыңыз.

Тапсырыс жойылған кезде ақшаны қайтару

Тапсырыс немесе тапсырыстың бір бөлігі жойылған кезде ақшаны қайтару мәртебесі жеке кабинетің ішінде Заказы («Тапсырыстар») бөлімінде тапсырыс карточкасындағы жойылған тауарларда көрсетіледі.

Егер сіз тауардың бір бөлігінен бас тартып, қалған тауарлардың құны тегін жеткізуге жеткіліксіз болса, біз жойылған тауарлардың ақшасын қайтарып береміз, бірақ бұл сомадан жеткізу құнын шегереміз. Егер тапсырысты жеткізуге бергеннен кейін немесе тиісті сападаға тауарды алғаннан кейін одан бас тартсаңыз, ақылы жеткізу құны қайтарылмайды.

Жойылған тауарлар үшін ақшаны қайтару мәртебесін Заказы («Тапсырыстар») бөлімінен көре аласыз. Мәртебесі 2 апта бойы көрсетіледі.

Мәртебелер және олардың мағынасы

  • Деньги отправлены на карту («Ақша картаға жіберілді») — ақша сіз тапсырысты төлеген картаға жіберілді. Әдетте қаражат 2-3 күн ішінде түседі, бірақ кейде бұл 10 күнге дейін созылуы мүмкін. Егер ақша ұзақ уақыт бойы түспесе, өз банкіңізге жүгініңіз.
  • Возврат денег ещё не начат («Ақшаны қайтару әлі басталмады») — Біз ақшаны жібергеннен кейін сізге хабарлама келеді. Әдетте бұл 3 күнге дейінгі уақытты алады.
  • Не удалось вернуть деньги («Ақшаны қайтару мүмкін болмады») — ақшаны қайтару кезінде қиындық туындады. Өтінеміз, бізге чатқа жазыңыз.

Тапсырыс жойылғаннан кейін ақша қашан қайтарылады

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, ақшаны қайтару мерзімі осы парақшада көрсетілгеннен басқаша болуы мүмкін.

Тапсырыс 6 сағаттан кем уақытта төленген

Тапсырыс төленгеннен кейін ақша бірден алынбайды, 6 сағатқа дейін картада бұғатталады. Тапсырыс немесе оның бір бөлігі жойылған кезде біз банкке жойылғаны жөнінде ақпарат және картадағы жойылған тауар құнына тең соманы бұғаттан алып тастау туралы өтінім жолдаймыз. Әдетте банк ақшаның бұғаттан алынғаны туралы хабарлама жібермейді және банктің жеке кабинетінде бөлек операциялар жоқ:

  • барлық тапсырыс жойылған кезде олар үшін шегеру операциялар тарихынан жоғалады.

  • тапсырыстағы тауарлардың бір бөлігі жойылған кезде жойылған тауарлар сомасына азайтылады.

    Ақшаның бұғатталып, бұғаттан алынуы туралы толық ақпаратты өз банкіңіздің қолдау қызметінен біле аласыз.

Тапсырыстың төленгеніне 6 сағаттан көп уақыт өтті

Төлем жүргізілген соң 6 сағаттан кейін біз картадан ақшаны шегеру жөнінде сұрау жібереміз. Тапсырыс жойылғаннан кейінбіз ақшаны 72 сағат ішінде кері жібереміз.

Ақша жіберілгеннен кейін сіздің шотыңызға 2-3 күн, көп дегенде 10 күн ішінде түседі Түсу мерзімі банк пен төлем жүйесіне байланысты. Банктің жеке кабинетінде ақшаны қайтару операциясы көрсетіледі.
Егер 10 күн өтіп, ақша қайтарылмаса, өз банкіңізден үзінді көшірме сұратыңыз және сол құжатпен Ozon қолдау қызметіне жүгініңіз.

Мазмұны

Навигацияны жасыру

Навигацияны көрсету