Аккаунт шотындағы теңгерім

Мазмұны

Баланс средств («Аккаунт шотындағы теңгерім») — бұл:

  • тауар жойылғаннан кейін немесе қайтарылғаннан кейін қолжетімді ақша сомасы туралы;
  • Ozon қосымшасында жасаған барлық операциялар туралы деректер енгізілген жеке кабинеттің бөлімі.

Ол жеке кабинетте Личная информация («Жеке ақпарат») бөлімінде орналасқан. Егер сіз мобильді қосымша арқылы кірсеңіз, төмендегі мәзірді басып, Баланс средств («Аккаунт шотындағы теңгерім») батырмасын таңдаңыз. Аккаунт шотындағы теңгерім теңгемен көрсетіледі.

Егер сіз несиемен төленген тауарды қайтарсаңыз, ол қаражат аккаунт шотындағы теңгерімге түседі.

Несиеге алынған тауарды қайтару туралы толығырақ

Тапсырысты аккаунт шотындағы теңгерім арқылы толық немесе бөліп төлеу

  1. Себетке өтіп, Перейти к оформлению («Тапсырысты рәсімдеу») батырмасын таңдаңыз.

  2. Негізгі төлем түрін таңдаңыз.

  3. Использовать для оплаты с моего баланса средств («Төлем үшін аккаунт шотымдағы теңгерімді қолдану») батырмасын белгілеңіз.

  4. Оплатить онлайн («Онлайн төлеу») батырмасын басып, төлемді растаңыз.

Сатып алу ақысын қаражат балансынан толық немесе ішінара төлей аласыз:

  • Егер тапсырыс құны 5000 теңге болса, ал балансыңызда 6000 теңге болса, баланстан тапсырыстың толық құны — 5000 теңге есептен шығарылады.
  • Егер тапсырыс құны 7000 теңге болса, ал балансыңызда 6000 теңге болса, баланстан 6000 теңге есептен шығарылады, ал қалған 1000 теңгені банк картасымен төлейсіз.

Акканут шотындағы теңгерімнен ақша алу

Қаражат балансындағы ақшаны тек Ozon қосымшасында шығара аласыз. Ozon Селект сервисінде бұл функция қолжетімсіз.

Алу үшін ең төмен сома — 20 теңге.

  1. Баланс средств («Аккаунт шотындағы теңгерім») батырмасын басып, Вывести деньги с баланса средств («Аккаунт шотындағы теңгерімнен ақша алу») батырмасын таңдаңыз.

  2. Төмендегі ақпаратты толтырыңыз:

    • сома,
    • банктің атауы,
    • шот иесінің ТАӘ орыс немесе ағылшын тілінде толық көрсетілуі тиіс,
    • SWIFT немесе БИК,
    • ЖСН,
    • жеке тұлғаның есеп айырысу шоты.
  3. Вывести деньги («Ақшаны шығару») батырмасын басыңыз.

Ақша сіздің картаңызға 2-3 жұмыс күні ішінде түседі. Несие шартының шотына 5 күн ішінде түседі.

Мазмұны

Навигацияны жасыру

Навигацияны көрсету