Шолулар лентасында сатып алынған тауарлар туралы бейнепікірлер жинақталған.
Бейнежазбаңыз шолулар лентасына түсуі үшін:
- тауарға пікір жазып, бейнежазба қосыңыз;
- топтама жасап, оған бейнежазбаны мұқаба ретінде орнатыңыз.
Топтамалар туралы толығырақ
Шолулар лентасына арналған бейнежазбалар автоматты түрде іріктеледі.
Бейнежазбаның лентаға түсу ықтималдығын арттыру үшін:
- бейнежазбаны тігінен, дыбысы мен кескіні сапалы болатындай түсіріңіз;
- назарды тауарға аударыңыз — оны барлық жағынан көрсетіп, артықшылықтарын сипаттаңыз;
- бейнежазба ұзақтығы 2 минуттан аспауы керек;
- бейнежазба серпінді болуы үшін кадрлардың ауысуын және өтпелерді қосыңыз;
- тауарды пайдалану тәжірибеңізбен бөлісіңіз.
Шолулар шебері
Бейнежазбаңыз шолулар лентасына түсіп, сізге басқа пайдаланушылар жазыла бастаса, «Мастер обзоров» («Шолулар шебері») жетістігін ала аласыз.
Жетістіктің бірнеше деңгейі бар. Жаңа деңгейге өту үшін ағымдағы деңгейдің барлық талаптарын орындаңыз. Талаптар тізімі жария профильдегі жетістік бетінде көрсетіледі.
Әр деңгейде барлық талаптарды қайта орындау қажет. Мысалы, бейнежазбаңыз шолулар лентасына түсіп, сіз жаңа деңгейге өтсеңіз, келесі деңгейге өту үшін басқа бейнежазбаңыз да лентаға түсуі тиіс.