Ірі габаритті тауарларды сұрыптау орталығы аумағындағы алу пункттеріне қайтаруға болады. Қайтарымның бұл тәсілі сізге қолжетімді екенін өтінім рәсімдеген кезде білуге болады.
ІГТ сұрыптау орталығынан алып кету туралы толығырақ
Тауарды алу пунктіне апармас бұрын қайтарым туралы өтінім рәсімдеңіз. Әдетте өтінім 24 сағат ішінде қаралады, оның мәртебесі Возвраты («Қайтарымдар») бөлімінде көрсетіледі.
Өтінімді қалай рәсімдеуге болады
Өтінім мақұлданған кезде тауарды қаптап, оны өтінімде көрсетілген мерзім ішінде алу пунктіне апарыңыз. Әйтпесе өтінім жойылады.
Тауарды қаптау туралы толығырақ
Алу пунктінде қызметкерге штрихкодты көрсетіңіз немесе оның нөмірін айтыңыз. Штрихкодты Возвраты («Қайтарымдар») бөлімінен табуға болады. Егер тауар және қайтару себептері өтінімде көрсетілгенмен сәйкес келсе, қайтарымды қабылдайды.