Мобильді құрылғыны қалай тіркейді

Мобильді құрылғы бар тапсырысты алғаннан кейін оны тексеріп, верификациялау керек. Құрылғыны сатушы немесе сіз верификациялай аласыз. Егер құрылғы Қазақстандағы қоймадан жеткізілсе, оны сатушы верификациялайды.

Егер құрылғы шетелден жеткізілсе, мысалы Ресейден немесе Қытайдан, онда оны сіз өз бетіңізше верификациялайсыз.

Құрылғыны 15 цифрдан тұратын IMEI бірегей сандық нөмір арқылы тексеруге немесе верификациялауға болады. Ол құрылғыны сәйкестендіру үшін қажет. IMEI SIM-модульді барлық құрылғыда бар. Сіз нөмірді құрылғының өзінен, оның қаптамасынан немесе баптауларынан таба аласыз.

Верификация мәртебесі құрылғы енгізілген тізіммен айқындалады:

  • Ақ – құрылғы верификацияланған, сіз оны пайдалана аласыз.
  • Сұр – құрылғы верификацияланбаған, сіз оны SIM-карта орнатылған күннен бастап 30 күн ішінде верификациялай аласыз.
  • Қара – құрылғы елге заңсыз тасымалданған, ұрланған немесе көшірме. Құрылғы бұғатталады.

Құрылғыны тексеру

Егер құрылғы сізге Қазақстандағы қоймадан келсе, оның верификация мәртебесін төмендегі тәсілдердің бірімен тексеріңіз:

  • eGov Mobile («Егов Мобайл») мобильді қосымшасында «Танымал қызметтер» бөліміне өтіп, «Абоненттік құрылғының IMEI-ін тексеру» қызметін таңдаңыз.
  • https://kz-imei.kz сілтемесі бойынша Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялаудың ақпараттық жүйесі порталы арқылы.
  • https://imei.rfs.gov.kz/ сілтемесі бойынша Сәйкестендіру кодтарының дерекқоры сайтында.

Құрылғыны пайдалану үшін ол «ақ» тізімде болуы қажет. Әйтпесе сіз құрылғыны кері қайтаруды рәсімдей аласыз.

Құрылғыны верификациялау

Егер сізде ЖСН немесе БСН болса, сіз құрылғыны верификациялай аласыз.

Егер құрылғы шетелдегі қоймадан келсе, оны SIM-картаны орнатқан сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде IMEI бойынша верификациялаңыз. Ол үшін https://kz-imei.kz порталында өтінім беріп, көрсетіңіз:

  • Әкелу түрі – жеке қолдану үшін
  • Әкелу тәсілі – халықаралық қайта жіберілетін жөнелтілім (сәлемдеме)
  • Экспорт елі – құрылғы қайдан әкелінген.
    Құрылғы қайда әкелінгенін қалай білуге болады
  • Сәлемдеменің трек-нөмірі: оны алу үшін бізге чатқа жазыңыз.
  • Құрылғы туралы ақпарат: бренд, моделі, IMEI және сериялық нөмірі бар болса.

Егер мәліметтер тексерістен өтсе, сіз құрылғыны қолдана аласыз.

Егер сізде верификация процесінде қиындықтар туындаса, порталдың қолдау қызметіне kz-imei.kz жүгініңіз.

Мобильді құрылғыларды тіркеу туралы толығырақ «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде

Навигацияны жасыру

Навигацияны көрсету