Жеке деректер

ЕАЭС елдерінен тыс сатушылардан тауар тапсырыс берген кезде қосымша ережелер, талаптар мен заңдар қолданылады. Елге жеке пайдалану үшін тауарларды әкелу мақсатында тасымалдаушы оларды декларациялау керек. Ол үшін тасымалдаушы немесе кеден қызметкерлері жолаушының кеден декларациясын толтырады. Ozon сіздің жеке деректеріңізді жеке кабинетте сұрайды және оны декларацияны толтыру үшін тасымалдаушыға немесе кеден қызметіне береді.

Егер сіз төлемнен кейін 24 сағат ішінде деректерді енгізбесеңіз, тапсырыс күшін жояды.

Сіз жеке деректерді тапсырыс рәсімдегеннен кейін бірден немесе тапсырыстар тізіміндегі тапсырыс парақшасында толтыра аласыз.

Егер сіз жеке деректерді Ozon ID арқылы толтырсаңыз, олар келесі тапсырыстар үшін сақталады.

Тапсырыс үшін жеке деректерді енгізу

Тапсырысты алатын адамның деректерін енгізіңіз.
  1. Төлемнен кейін немесе тапсырыс бетінде Тапсырыстар бөлімінде Деректерді енгізу батырмасын басыңыз.

  2. Алушының деректерін енгізіңіз:

    • Аты-жөні. Егер әкесінің аты жоқ болса, бұл жолды бос қалдырыңыз.
    • Жеке кәулік нөмірі және берілген күні.
    • ЖСН.

    Егер келесі тапсырыстар үшін жеке деректеріңізді пайдаланғыңыз келсе, Ozon компаниясының деректеріңізді сақтауға және өңдеуге келісетініңізді көрсетіңіз.

  3. Сақтау батырмасын басыңыз.

Егер деректерді қате енгізсеңіз, тапсырыс «Жолда» күйіне өткенге дейін оларды түзете аласыз. Тасымалдаушы компанияның өкілі сізбен жеке деректерді нақтылау үшін байланысуы мүмкін.

Ozon ID арқылы жеке деректеріңізді сақтаңыз

  1. Жеке кабинетте сол жақ бұрышта Профильді өзгерту батырмасын басыңыз.

  2. Профиль деректері парақшасында Ozon ID-де өзгерту батырмасын басыңыз.

  3. Төлқұжат деректері бөлімінде Деректерді көрсету батырмасын басып, тапсырыс беру үшін жеке деректерді қай елге көрсету керегін таңдаңыз.

  4. Азаматтығыңызға байланысты жеке деректерді толтырыңыз.

    Егер келесі тапсырыстар үшін жеке деректеріңізді пайдаланғыңыз келсе, Ozon компаниясының деректеріңізді сақтауға және өңдеуге келісетініңізді көрсетіңіз.

  5. Сақтау батырмасын басыңыз.

Деректеріңіз Ozon ID парақшасында Төлқұжат деректері бөлімінде пайда болады. Деректерді өзгерту үшін басыңыз, өшіру үшін — басыңыз.

Рәсімделген тапсырысқа жеке деректер енгізу қажет болса, Тапсырыстар бөліміне өтіп, керегін таңдаңыз.

Навигацияны жасыру

Навигацияны көрсету