Белгілі бір тауарларды сатып алған кезде немесе Ozon және серіктестердің акцияларына қатысқан кезде сіз Ozon ұпайларын жинай аласыз.
Ozon ұпайларының теңгерімін жеке кабинеттегі Баллы и бонусы («Ұпайлар мен бонустар») бөлімінен тексере аласыз. 1 ұпай = 1 теңге.

Тапсырыс үшін ұпайлар теңгерімге тапсырысты алған күнді есептемегенде 14 күннен соң түседі. Есептелген ұпайлар акция шарттарында басқаша көрсетілмесе, іске қосылған сәттен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Ұпайларды пайдалану ережелері туралы толығырақ
Ұпайларды шегеру үшін тапсырысты рәсімдеу кезінде Баллы и бонусы («Ұпайлар мен бонустар») бөлімінде Списать («Шегеру») батырмасын таңдаңыз.

Ozon шегеру үшін қолжетімді ұпайлар санын автоматты түрде есептейді. Егер акция шарттарында басқаша көрсетілмесе, ұпайлармен тауарлар құнының 25%-ына дейін төлеуге болады.
Ozon ұпайларымен төлеуге болмайды:
- жеткізу қызметін;
- акция шарттарында көрсетілген басқа да тауарларды;
Ozon ұпайларымен тауарды төлеуге болатындығын тексеру үшін тауарды себетке қосып, тапсырысты рәсімдеп көріңіз.
Егер Списать («Шегеру») батырмасы іске қосылмаса, таңдалған тауарды ұпайлармен төлеу мүмкін емес.
Тауарды қайтару кезінде жұмсалған ұпайлар теңгерімге қайтарылады. Ұпайлардың шегеру және түсім тарихын қарау үшін Баллы и бонусы («Ұпайлар және бонустар») бөлімінде История («Тарих») батырмасын басыңыз.